Skip to main content

591 млн залал: Қазақстанға 83 ауыр жүк көлігі заңсыз әкелінді

Submitted by Вера Александрова on

Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) Қостанай облысы бойынша департаменті 83 ауыр жүк көлігін оларды алғашқы тіркеу үшін алым төлемей есепке қою фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Мемлекетке келтірілген залал 591 млн теңгені құрады. 

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 2020 жылдан 2023 жылға дейін Қостанай облысының тұрғындары Еуропадан трактарды әкеліп, арнайы есепке қою үшін шет мемлекеттердің жалған техпаспорттарын пайдаланған. 

Құжаттарда шығарылған жылы туралы дұрыс емес мәліметтер көрсетілген, бұл алғашқы тіркеу алымының мөлшерін 7 млн теңгеден 700 мың теңгеге дейін төмендетуге мүмкіндік берген.

«Салық кодексіне сәйкес, нақты шығарылған күні бар седлалы тартқыштар үшін төленуі тиіс сома 2500 АЕК-тен басталатын еді, алайда күдіктілер жалған құжаттарды пайдаланып, 350 АЕК төлеген», - делінген хабарламада.

Күдіктілердің тұрғылықты жері мен кеңсесінде жүргізілген тінтулер кезінде құқық қорғау органдары: халықаралық жүк-тасымалдау құжаттарын, шот-фактуралар мен кедендік баждарды төлеу туралы түбіртектерді, көлік құралдарын сатып алу туралы шарттарды, декларацияларды тәркіледі. 

Сот жүк көліктеріне, сондай-ақ күдіктілердің мүлкіне 1 млрд теңгеге жуық сомаға тыйым салуды бұйырды. 

Еске сала кетейік, бұрын хабарланғандай, Ақмола облысында Арнайы ЦОН қызметкерлері жүк көліктерін заңсыз тіркегені үшін әшкереленген болатын. Олар заңсыз әрекеттерді екі жыл бойы жасаған.