Skip to main content

Жамбыл облысында тағы үш жел электр станциясын салу жоспарлануда

Submitted by Вера Александрова on

Жамбыл облысы Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) саны бойынша екінші орында және олардың қуат көрсеткіштері бойынша көшбасшы

Бүгінде өңірде жалпы қуаты 551,3 МВт болатын 22 ЖЭК жұмыс істейді. Олардың ішінде: қуаты 275,6 МВт құрайтын 10 жел электр станциясы, қуаты 24,4 МВт 6 гидроэлектр станциясы және қуаты 251,2 МВт 6 күн электр станциясы бар.







Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2023 жылы Жамбыл облысында электр энергиясын өндіру 4 348,6 млн кВт/сағ құрады. Биылғы жылы 4 560,8 млн кВт/сағ өндіру жоспарланған. 

Жақын арада жергілікті билік үш ірі жобаны жүзеге асыруды ниет етуде, олардың ішінде: 

  • Мойынқұм ауданындағы «Total Eren» компаниясының қуаты 1 ГВт жел электр станциясы, 
  • Созақ (дұрысы Сарысу) және Талас аудандарындағы Masdar (БАӘ) компаниясының қуаты 500 МВт жел электр станциясы, 
  • China Power International Holding Limited компаниясының қуаты 500 МВт жел электр станциясы. 

2028 жылға қарай Жамбыл облысында 25 жаңартылатын энергия көздері объектісі болады деп күтілуде, ал олардың жалпы қуаты 2,5 ГВт құрайды. Өңірде ЖЭК-ті дамыту үшін барлық мүмкіндіктер бар екендігі атап өтіледі.