Желіде Жамбыл облысы ҰКК қызметкерлері облыстық әділет департаменті бастығының орынбасары Бауыржан Шамғұновты ұстағаны туралы ақпарат тарады.

ORDA мәліметінше, ол жұмысында бұзушылықтар анықталған жеке сот орындаушыларынан пара алды деген күдікке ілінген.
Шамғұнов ақшаға олардың лицензиясынан айырмауға уәде бергені хабарланды. Пара сомасы туралы ақпарат әзірге жарияланбайды.
Бауыржан Шамғұновтың бүкіл мансабы Жамбыл облысының әділет департаментімен байланысты. Ведомствоның сайтында ол бірқатар басшылық лауазымдарды атқарғаны көрсетілген: зияткерлік меншік құқығы бөлімін, жеке сот орындаушыларының қызметін қамтамасыз ету бөлімін, атқарушылық іс жүргізуді қамтамасыз ету бөлімін, сондай-ақ сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімін басқарған.
Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысында Рудный қаласының прокуроры Мұрат Оспанов ұсталған болатын. Ол қылмыстық істі тоқтату үшін 20 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінгені хабарланған.
Фонд-бюро расследования коррупции