Skip to main content

Жамбыл облысында мемлекеттік сатып алуда 335 млн теңгеге бұзушылықтар анықталды

Submitted by Вера Александрова on

Прокуратура Жамбыл облысы Байзақ ауданының мемлекеттік сатып алуларды жүргізу кезінде аудан әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметінде бірнеше рет бұзушылықтар анықтады. 

Прокурорлық баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылдың сәуір айында аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі мердігермен 125 млн теңге сомасына «бір көзден» заңсыз келісімшарт жасасқан.

«Басқа жағдайда сатып алуларды жүргізу кезінде кәсіпкерлердің қатысуын шектейтін және қиындататын, сондай-ақ мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің құқықтарын бұзатын талаптар негізсіз белгіленген», - делінген хабарламада.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша барлығы 335 млн теңгеден астам сомаға сатып алулардың күші жойылғаны хабарланды. Кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

«Қабылданған шаралар бизнес субъектілері арасындағы адал бәсекелестікті қалпына келтіруге бағытталған», - деп мәлімдеді ведомство.