Skip to main content

Заңсыз шағын несиелер 1,5 млрд теңгеге Орал қаласының тұрғындарына берілген

Submitted by Вера Александрова on

Батыс Қазақстан облысында лицензиясыз Орал тұрғындарына шағын несие беру бойынша заңсыз кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырған бір топ адамға қатысты тергеу жүргізілуде.

Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) баспасөз қызметінің мәліметінше, бес жыл бойы күдіктілер «Тез ақша» брендімен филиалдар желісі арқылы әрекет етіп, азаматтармен 1,5 млрд теңгеден астам сомаға несие шарттарын жасасқан.

Бұл ретте несиелер бойынша пайыздар тергелушілердің бірінің туысына тіркелген серіктес ЖШС-мен «консультациялық қызмет көрсету» туралы жеке келісімдер ретінде ресімделген.

Белгілі болғандай, қарыз алушыларды осындай қызметтердің атымен күніне 1,5% төлеуге мәжбүрлеген, ал рұқсат етілген шекті мөлшерлеме 0,3% құрайды.

Нәтижесінде жоғары пайыздық мөлшерлемемен 47 мыңнан астам несие берілген. Алдын ала мәліметтер бойынша, заңсыз кіріс сомасы 917 млн теңгені құраған.

Сот санкциясымен күдіктілердің коммерциялық өндірістік үй-жайы мен пәтеріне тыйым салынды. Тергеу жалғасуда.

Еске сала кетейік, бұған дейін хабарланғандай, Қостанай облысы бойынша ҚМА департаменті 2020 жылдан бері жүзеге асырылған заңсыз микроқаржы қызметі фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Берілген несиелердің жалпы сомасы 100 млн теңгеден асты.