Skip to main content

Шымкентте майнерлер сотталды

Submitted by Вера Александрова on

Шымкентте криптовалюта өндіру бойынша жерасты майнинг фермасын ұйымдастырған екі азамат сотталды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) баспасөз қызметінің мәліметінше, айыпталушылар 2023 жылдың сәуірінен 2024 жылдың ақпанына дейін майнинг фермасын ұйымдастырып, 100 млн теңгеден астам кіріс алған.

Сот сыбайластарды әртүрлі мерзімдерге соттады: біреуін 2 жыл бас бостандығынан айыруға, екіншісін 2,5 жылға бас бостандығын шектеуге.

Сотталғандардан АSIC майнерлер (биткоин өндіру жабдығы) және заңсыз өндірілген цифрлық активтер түріндегі 370 млн теңгеге жуық мүлік тәркіленді. 

Жыл басынан бері еліміз бойынша ҚМА қызметкерлері заңсыз майнинг фермаларын ұйымдастырудың 4 фактісін анықтаған, қылмыстық кіріс 400 млн теңгеге жуық болған. 

Еске сала кетейік, қыркүйек басында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев криптовалюта майнингімен айналысатын, экономикаға зиян келтіріп, көп мөлшерде электр энергиясын тұтынатын және салықтарды тиісті көлемде төлемейтін кәсіпкерлермен «айналысу» қажеттігі туралы мәлімдеген болатын.

Президенттің сөзінен кейін 10 күн өткен соң ҚМА Қостанай облысында заңсыз майнерлердің қызметінің тоқтатылғаны туралы хабарлады. Қылмыскерлер 3 аудан орталығының, 27 орта мектептің немесе 13 аурухананың қажеттіліктеріне тең электр энергиясын тұтынып, жергілікті электр желілеріне орасан зор жүктеме түсірген. 

Кейінірек ҚМА қызметкерлері Астанада қозғалтқыштарды өңдеу орталығының атын жамылып, майнинг фермасын ұйымдастыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады. Кәсіпорын бір тұрғын ауданның айлық қажеттілігімен салыстырылатын энергияны тұтынғаны хабарланды.