Жоғары аудит палатасы (ЖАП) жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту кезінде бюджет қаражатының ұтымсыз жұмсалғанын анықтады. Ведомствоның нұсқамасы бойынша 84,4 млн теңге үнемделіп, қосымша негізсіз шығындардың алдын алуға мүмкіндік туды.
ЖАП баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023-2024 жылдары мемлекеттік бюджет қаражатынан уәкілетті агентке жұмсалатын шығындар аясында 207 млн теңгеден астам сомаға аналитикалық қызметтер төленген.
Аудиторлар анықтағандай, бұл қызметтер Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті мен «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ функцияларына кіреді.
«ЖАП тапсырмасын орындау үшін, 2025 жылдан бастап жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғыртуға арналған республикалық бюджеттен шығындарды қалыптастыру кезінде көрсетілген қызметтерге қаржыландыру алынып тасталды», - делінген хабарламада.
2024 жылға арналған бюджетті түзету нәтижесінде мемлекеттік қазынаға 84,4 млн теңге қайтарылды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Әлихан Смайылов басқаратын ЖАП-ты Назарбаев университетінде 73 млрд теңге жымқыруды жасырды деп айыптады. Оның айтуынша, ЖАП бұрын жүргізілген аудиттің мәліметтерін жасырып, депутаттарға бюджет қаражатының заңсыз жұмсалу себептерін зерделеуге мүмкіндік бермейді.
Фонд-бюро расследования коррупции