Павлодар облысы Ақсу прокуратурасы әлеуметтік осал азаматтарға арналған 24 пәтердің заңсыз сатып алыну фактісін анықтады. Сатып алу кезінде үй-жайлар аяқталмаған күйде болған және тұруға дайын болмаған.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, қалалық құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысының әрекеттері мемлекетке 50 млн теңгеден астам залал келтірген.
Ақсу ауданаралық соты оны ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланғаны үшін екі жыл бас бостандығынан айыруға соттады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша бұзушылықтар жойылып, кезекте тұрғандар тұрғын үймен қамтамасыз етілді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақмола облысында әлеуметтік осал санаттағы азаматтар арасындағы кезекті қысқартуға бағытталған «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру туралы іс бойынша тергеу аяқталды.
Үш жыл бойы мердігер құрылыс бөлімінің басшысының жәрдемімен көлемі мен құны асыра көрсетілген орындалған жұмыстардың жалған актілерін ұсынғаны, бірақ іс жүзінде жұмыстардың бір бөлігі орындалмағаны хабарланды. Нәтижесінде мемлекет 152 млн теңге көлемінде залал шеккен.
Фонд-бюро расследования коррупции