Павлодар облысының прокуратурасы «Күшті өңірлер – елдің даму драйвері» ұлттық жобасын іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, жоба оңтүстік өңірлердің тұрғындарын солтүстіктегі аз қоныстанған аумақтарға көшіруді көздейді.
«Қоныс аударушыларды қаржылай қолдау қаражатын иемденудің тұтас схемасы жасалған, оның ішінде шығындардың жартысын алу үшін үйлердің құнын жасанды түрде 8 млн теңгеге дейін көтеру арқылы (үй сатып алуға 50% өтеледі, бірақ 4,2 млн теңгеден аспайды). Іс жүзінде 500 мың теңгеден басталатын тастанды үйлер сатып алынған», - деп хабарлады прокуратура.
Нәтижесінде көшіру тек қағаз жүзінде жүзеге асырылғаны, ал іс жүзінде халықтың кетуіне байланысты облыстағы 59 елді мекен жойылғаны айтылады. Тек 6 ауданда залал 600 млн теңге мөлшерінде анықталды, яғни әр ауданнан орта есеппен 100 млн теңге ұрланған.
«Прокуратура тексеру материалдарын Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі бойынша Бірыңғай тізілімге тіркеді, тергеуді арнайы прокурор жүргізеді», - делінген хабарламада.
Фонд-бюро расследования коррупции