Түркістан соты облыстық ветеринария басқармасының «Ветеринариялық қызмет» МКК басшысы Бегманов Б.-ны соттады.
Антикордың баспасөз қызметінің мәліметінше, ол лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылған. Шенеунік аудандық ветеринариялық қызметтердің 115 қызметкерінен 5,5 млн теңге жинап, оларға сыйақы ретінде төленген қаражатты иемденгені хабарланады.
Сот Бегмановты кінәлі деп танып, оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады. Сот актісі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Еске сала кетейік, наурыз айында хабарланғандай, Қостанай облысында 7 ветеринариялық дәрігер құжаттарды қолдан жасауда, жануарларды есепке алудың ақпараттық жүйесіне жалған ақпарат енгізуде, сондай-ақ заңсыз сыйақы алуда күдікке ілінген.
Маусым айында Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық соты «Қалалық ветеринариялық қызмет» КММ директоры Жүнісов М.-ға және осы кәсіпорынның мемлекеттік сатып алу бөлімінің маманы Жапархан Р.-ға қатысты үкім шығарды. Олар жануарлар арасында обаны анықтауға арналған, сайып келгенде жеткізілмеген тест-жүйелерін сатып алуға бөлінген бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Фонд-бюро расследования коррупции