Skip to main content

Түркістан облысында жасыл белдеу отырғызу кезінде 1 млрд астам жымқырды

Submitted by Вера Александрова on

Түркістан облысында «Жасыл Аймак» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде (КММ) жымқыру фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. 

Өңір прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, «Жасыл Аймак» жасыл белдеу құру мақсатында орман қоры жерлерінен 103 га аумағындағы жер телімін алған.

«Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы бюджет қаражатын жұмсаудың заңдылығын тексеру барысында мекеме басшыларының 3 мың түп сексеуіл көшетін отырғызу кезінде нақты орындалмаған бюджет қаражатын 24 млн теңгеден астам сомаға растайтын құжаттарға қол қою фактілері анықталды, бұл көшеттердің өнгіштігі 56% болған, алайда бұл аумақта тек жабайы ағаштар, оның ішінде жыңғыл өсіп тұр», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ведомство орман екпелерін отырғызу, тыңайтқыштарды қолдану, суару, егіске жарамсыз жер телімдеріне трансформаторлар орнату кезінде 1 млрд теңге қаражаттың тиімсіз игерілгенін анықтады.

«Осы фактілер бойынша прокуратура ҚР ҚК-нің 189-бабымен 2 қылмыстық іс қозғап, материалдарды сотқа дейінгі тергеу жүргізу үшін Түркістан облысы бойынша ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментіне жіберді», - деп мәлімдеді прокуратурада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Абай облысында «Семей орманы» Мемлекеттік орман табиғи резерваты филиалының директоры ұсталған еді. Ол орман жымқыру күдігіне ілінген. Одан бөлек, құқық қорғау органдары 20-дан астам адамды қамауға алған.