Skip to main content

Директор мен бухгалтері Astana English School 900 млн теңге ұрлады деп күдіктелуде

Submitted by Вера Александрова on

Елордалық департамент Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) Астана әкімдігінің «81 Astana English School халықаралық мектебі» КММ лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізуде.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, мектептің бұрынғы директоры мен бас бухгалтері 900 млн теңгеден астам қаражатты жымқыруға күдікті.

Бұл соманың бір бөлігін олар ата-аналардан нөлдік сыныптардағы оқу ақысы мен жазғы лагерьге бару үшін алғаны хабарланды.

Сонымен қатар, күдіктілер шамамен 16 млн теңгені ұйымда нақты жұмыс істемеген адамдардың шоттарына аударған. Олардың арасында күдіктілердің туыстары да бар.

Іске қатысты адамдар қылмыстық кірістерге 382 млн теңге сомасында мүлік сатып алған: коттедж, екі пәтер және автокөлік. Сот санкциясымен мүлікке тыйым салынды. Күдіктілер қамауға алынды.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде екі мектептің бас бухгалтері сотталған. Ол өзіне жалақыны көтеріп, артық есептелген қаражатты өзіне қайтаруды өтінген қызметкерлер арқылы ақша алғаны хабарланды. Келтірілген залал сомасы 40 млн теңгеден асқан.