Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 қаңтардағы жағдай бойынша отандық туризмге салынған инвестицияның жалпы көлемі 527,6 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 69%-ға артық, онда инвестиция көлемі 311,8 млрд теңге болған еді.
Ведомство жыл соңына дейін 148 инвестициялық жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Бұл елде шамамен 2,5 мың жаңа жұмыс орнын құруды қамтамасыз етеді деп күтілуде.
«Туристік секторға инвестициялардың өсуі осы стратегиялық маңызды саланың дамуына жоғары қызығушылықты көрсетеді. Туристік бағыттарды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету Қазақстанды шетелдік және ішкі туристер үшін тартымды етуге мүмкіндік береді», — деді Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев.
Биыл 64 инфрақұрылымдық жоба іске асырылатыны атап өтіледі, бұл да туристік саланың дамуына және демалыс пен саяхат үшін қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді.
Фонд-бюро расследования коррупции