Қазақстанда ішкі сауда саласындағы бизнесті мемлекеттік қолдаудың жаңа шаралары іске қосылады.
Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылы сауда министрлігі мен оған бағынысты ұйымдарға жүргізілген мемлекеттік аудит сауда инфрақұрылымының дамуын тежейтін себептердің бірі кәсіпкерлердің осы салаға инвестиция салу мүмкіндіктерінің шектеулі екенін анықтаған.
Сауда және интеграция министрлігіне кәсіпкерлердің қаржылық әлеуетін арттырудың нақты тетіктерін айқындау тапсырылды.
«Нәтижесінде министрдің биылғы 21 маусымдағы бұйрығымен ішкі сауда саласындағы бизнес субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету шараларының Қағидалары бекітілді, олар заманауи сауда инфрақұрылымын қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды ынталандыруға бағытталған», - делінген хабарламада.
Бірінші кезеңде мемлекеттік бюджеттен бұған 4 млрд теңге бөлінді. Қаржыландыру «Даму» қоры арқылы ағымдағы жылдың қазан айында басталады деп жоспарлануда.
«Қағидаларда сондай-ақ мемлекеттік қолдау алушылардың сауда орындарында отандық өндірістің азық-түлік және азық-түлік емес тауарларын орналастыру жөніндегі қарсы міндеттемелері көзделген. Бұл қазақстандық тауар өндірушілердің өнімді өткізу арналарына қолжетімділігін қосымша кеңейтеді», - делінген қорытындыда.
Фонд-бюро расследования коррупции