Прокуратура Тараза тәркіленген мүлікті мемлекет кірісіне жасыру фактісін анықтады.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, бұған дейін Тараздың мамандандырылған әкімшілік соты «ASCO Pro» ЖШС-тен 110,2 млн теңге сомасындағы алкоголь өнімін тәркілеу туралы шешім шығарған.
Алайда кәсіпорынның бұрынғы басшысы тәркіленген тауарды өзінде қалдыруды ұйғарған.
«Осы факт бойынша Тараз қаласының прокуратурасы ҚК-нің 425-бабы (түгендеу немесе тыйым салу не тәркілеуге жататын мүлікке қатысты заңсыз әрекет) бойынша қылмыстық іс тіркеді», - делінген хабарламада.
Нәтижесінде Тараздың №2 соты компанияның бұрынғы басшысын кінәлі деп танып, 1 жыл 3 ай бас бостандығынан айыруға, меншік нысанына қарамастан ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқаруға 4 жыл мерзімге тыйым салуға үкім шығарды.
Сонымен қатар, сотталғаннан мемлекет кірісіне 110,2 млн теңге көлеміндегі материалдық залал өндірілді.
Фонд-бюро расследования коррупции