Астанада бір жыл ішінде 1 млрд теңгеден астам сомаға жалған шот-фактуралар жазған ер адамға үкім шығарылды.
«Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті «Каз Монтаж Энерджи» ЖШС атынан нақты жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей және тауарларды жөнелтпей, 1 млрд теңгеден астам сомаға жалған шот-фактуралар жазу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады», - деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) баспасөз қызметі.
Ұйымдастырушы бір топ адамдармен сөз байласып, 2021 жылғы желтоқсаннан 2022 жылғы маусымға дейін қызмет көрсетпей шот-фактуралар жазғаны хабарланады. Шот-фактуралар «Каз Монтаж Энерджи» ЖШС атынан «ТазалыкЭксперт» ЖШС және «Bertys Construction» ЖШС мекенжайына жазылған.
Нәтижесінде сот ер адамға 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкентте де жұмыстарды орындамай және қызметтер көрсетпей жалған шот-фактуралар жазған ер адам анықталған еді. Оның әрекеттері салдарынан мемлекеттік бюджетке 443 млн теңге көлемінде салық түспеген. Сот оны кінәлі деп танып, 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сонымен қатар, наурыз айының басында ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Қазақстандағы 1,4 млн (67%) жеке кәсіпкердің кемінде 944 мыңы өз кірістерін құпия ұстайтынын айтқан болатын.
Фонд-бюро расследования коррупции