Skip to main content

Алматы тұрғындары 686 млн теңге салықтан жалтарғаны үшін сотталды

Submitted by Вера Александрова on

Алматыда жалған шот-фактураларды пайдалану арқылы салық төлеуден жалтарған қылмыстық істің тергеуі аяқталды. Мемлекетке келтірілген залал 686 млн теңгені құрады.

Қалалық прокуратура баспасөз қызметінің мәліметінше, бір топ адам тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жөнелтпей, жалған шот-фактураларды жазып беру схемасын ұйымдастырған.

Құқыққа қайшы әрекеттерді жасыру үшін олар компанияларды жалған біріктіруді жүргізіп, құжаттар ресімделген серіктестік формальды түрде таратылған.

Қала прокуратурасы наразылық білдіріп, нәтижесінде заңсыз біріктіру жойылды. Шот-фактураларды жалған жазу фактісі Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде (СДТБТ) тіркелді.

Сот топтың алты қатысушысын ҚК-нің 216-бабы («Шот-фактураларды жалған жазу») және ҚК-нің 262-бабы («Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оны басқару») бойынша кінәлі деп танып, оларға 6 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Еске сала кетейік, бұрын Атырау сотында үкім шығарылған бір топ адам жалған шот-фактуралар арқылы ақша қаражатын жнатурализациялау және салық төлеуден жалтару схемасына қатысқан. Мемлекетке келтірілген залал 590 млн теңгеден астамды құрады.