Қорғаныс министрлігі Ақтаудағы № 25744 әскери бөлімінің өкілеттігін асыра пайдаланған взвод командирінің қазақстандық әскерден жұмыстан шығарылатынын хабарлады.
«"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңның 26-бабының 2-тармағына сәйкес, сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін құқық бұзушылық жасаған әскери қызметші теріс себептер бойынша Қарулы күштер қатарынан шығарылады», – деп хабарлайды informburo.kz қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Естеріңізге сала кетейік, бұрын хабарланғандай, Ақтауда № 25744 әскери бөлімінің әскери қызметшісі жауынгерлердің басына табуретка және шоқпармен ұрған. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалған, алайда кейін тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылған.
Фонд-бюро расследования коррупции