Skip to main content

Бұрынғы полиция қызметкері 243 млн көлеміндегі залал үшін сотталды

Submitted by Вера Александрова on

В Ақтөбе облысында полиция департаментінің Мартөк ауданы бөлімінің бұрынғы бастығының орынбасары сотталды. Ол өзіне пайда мен артықшылық алу мақсатында қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп айыпталды (ҚК 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы). Мемлекетке келтірілген залал 243 млн теңгені құрады.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, 2020 жылғы тамызда сотталушы облыстық полиция департаментінің Мартөк ауданы бөлімі бастығының орынбасары бола тұра, «А» ЖШС-не қылмыстық іс бойынша заттай дәлелдемелерді берген. Мәселе 600 мыңнан астам бума акцизсіз темекіге қатысты болған.

«Бірақ темекі өнімдерін сатудан түскен ақша «А» ЖШС-нен департаменттің есепшотына түспеген. Нәтижесінде мемлекетке 243 млн теңге көлемінде ерекше ірі мөлшерде материалдық залал келтірілген», - делінген хабарламада.

Сотталушы кінәсін мойындамай, темекіні ««А» ЖШС-не одан әрі сату үшін бергенін, бұл ретте ешқандай өзімшілдік мақсат көздемегенін» айтып, өзін ақтағаны хабарланды.

Нәтижесінде сот бұрынғы полиция қызметкерін кінәлі деп тауып, оған 5 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыруды тағайындады. Сондай-ақ ол полиция майоры атағынан айырылды.

Сонымен қатар Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығына жекеше қаулы шығарылды.