Ақмола гарнизонының әскери соты Қарағанды әскери бөлімінің миномет батареясының командирін билігін асыра пайдаланғаны үшін соттады.
Сот баспасөз қызметінің мәліметінше, іс бойынша үш әскери қызметші жәбірленуші болып өткен.
Жыл басында батарея командирі кезекшілерге жатын бөлмелерде тәртіп орнатуды бұйырғаны хабарланады. Алайда олардың жұмысты орындауы оған ұнамапты.
"Айыпталушы "Ұрысқа" деп бұйрық беріп, жәбірленушілерге етік киген аяғымен дененің әртүрлі бөліктеріне, содан кейін жұдырығымен бетінен соққы жасады. Ол әскери қызметшілерге физикалық ауырсыну келтіріп, олардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлады", – делінген сот хабарламасында.
Бұдан басқа, келесі күні командир жәбірленушілердің бірін жұдырықпен бетінен ұрып және барлық жолмен қорлаған. Нәтижесінде командир әскери атағынан айырылып, екі жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Естеріңізге сала кетейік, бұрын Ақтауда № 25744 әскери бөлімінің әскери қызметшісі сарбаздардың басына табуретка және шоқпармен соққы жасаған. Оған қылмыстық іс қозғалған, бірақ кейін тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылған.
Фонд-бюро расследования коррупции