Желіде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бұрынғы төрағасы Қайрат Қожамжаровтың жақын серіктерінің бірі – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроның бұрынғы төрағасы Талғат Тәтубаевтың ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды.
Telegram-арнасының «Elmedia» мәліметінше, Талғат Тәтубаевты азаптау қолданды деген күдікке ілінген.
«Басқа бір дереккөз бізге сол прокуратураның және басқа құқық қорғау органдарының «қожамжаровшылар» қатарындағы бұрынғы және қазіргі қызметкерлері өздерінің әріптесі мен серігін құтқаруға тырысып жатыр», - делінген хабарламада.
Өз кезегінде Бас прокуратура Тәтубаевтың ұсталғаны туралы ақпаратты растады.
«03.07.2025 жылы ҚК-нің 146-бабы 2-бөлігінің 1), 2) тармақтарында («азаптау») көзделген қылмыс жасады деген күдікпен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроның бұрынғы басшысы Тәтубаев Т.М. ұсталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, қосымша дәлелдемелер жинауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде», - делінген ведомство хабарламасында.
Журналистердің атап өтуінше, Қожамжаровтың қаржы полициясындағы билік кезеңінде Тәтубаев Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысына қарсы күрес агенттігінің (ЭСЖҚКА) сыбайлас жемқорлық істерін ашу және алдын алу департаментінің бастығы болған.
Кейін Президент Әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған. 2016 жылдан 2018 жылға дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроны басқарған.
Қайрат Қожамжаров Бас прокурор қызметін атқарған кезеңде Тәтубаев ҚР Бас прокуратурасының қылмыстық қудалау қызметінің бастығы болып қызмет еткені, содан кейін 2022 жылғы наурызға дейін әділет министрінің кеңесшісі болғаны хабарланады.
Фонд-бюро расследования коррупции