Антикор «Astana LRT» ЖШС басқармасының бұрынғы төрағасы Талғат Арданға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, ол ҚК 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағымен (Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) күдікке ілінген.
Арданның ҚР аумағынан тыс жерде болуына және келуден жалтаруына байланысты Антикор күдіктіні БАҚ арқылы шақыру туралы хабарлама жариялады.
«Күдікті Ардан Т.-ны тергеу және оның іс-әрекетінің біліктілігі туралы қаулыны жариялау үшін 2024 жылғы 23 тамызда сағат 09:00-де Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің әкімшілік ғимаратына (Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 19, «Б» блогы, тергеу-жедел тобының жетекшісі Ж. Өтепқалиевке) келуі қажет» – делінген хабарламада.
Тергеу әрекеттеріне қатысу үшін күдікті өз бетінше қорғаушы шақыруға немесе қылмыстық процесті жүргізетін органның қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуі туралы өтініш жасауға құқылы.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы «Астана LRT» жобасын іске асыру барысында ұрлық жасағаны үшін жеті адам сотталды. Астана қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков және «Астана LRT» компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан халықаралық іздеу жарияланды.
Фонд-бюро расследования коррупции