Skip to main content

Спорт саласындағы алты лауазымды тұлға ВАП аудитінен кейін жазаланды

Submitted by News_editor on

Бірқатар спорт шенеуніктері туризм және спорт министрлігіне қарасты ұйымдарда Жоғары аудиторлық палатасы (ЖАП) жүргізген тексеруден кейін тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Аудиторлар бюджет қаражатының мақсатсыз жұмсалғанын, бухгалтерияның бұзушылықтармен жүргізілгенін және мемлекеттік ұйымдарда бақылаудың әлсіз болғанын мәлімдеді.

ЖАП баспасөз қызметінің мәліметінше, жазда жүргізілген аудит елдің спорттық жетістіктеріне әсер ететін бұзушылықтарды анықтады.

ЖАП тапсырмасы бойынша тәртіптік жауапкершілікке келесі қызметкерлер тартылды:

  • спорт және дене шынықтыру істері комитетінің; 
  • «Спортты дамыту дирекциясы» РМКҚ; 
  • «Республикалық спорт колледжі» РМКҚ;
  • «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-олимпиадалық резерв колледжі» РММ;
  • «Алматы» олимпиадалық даярлық орталығы» РМКҚ;
  • «Алатау» қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» РМКҚ.

Сонымен қатар, ЖАП талдауы 32 мыңнан астам мектеп педагогінің әлеуеті мамандандырылған оқу орындары мен ұйымдарда одан әрі спорттық даярлық үшін пайдаланылмайтынын көрсетті.

Енді туризм және спорт министрінің м.а. шешімі бойынша мектептерде мамандандырылған спорт сыныптары ашыла бастайды. Оларға айқын спорттық қабілеті бар балалар жинақталады.

Іріктеуді дене шынықтыру мұғалімдері мен жаттықтырушылар жүргізеді. Бұл шара білім беру және спорт жүйесін біріктіріп, резервтік спортшыларды даярлау тиімділігін арттырады деп күтілуде.

Сонымен қатар, ЖАП тапсырмасы бойынша спорт министрлігіне қарасты ұйымдар бухгалтерия мен есептіліктегі қателіктерді жою жұмыстарын бастады. Ведомство мұның ашықтықты күшейтетінін, жеке жауапкершілікті бекітетінін және бюджет қаражатының мақсатсыз жұмсалу қаупін төмендететінін мәлімдейді.