Шымкентте Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары, сол әкімдіктің бас маманы, сондай-ақ мердігер ұйымның өкілі сотталды.
Олар кәсіпкерден қаланы көркейту жұмыстарына қамқорлық жасағаны үшін 60 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Сондай-ақ олар зираттарды күтіп-ұстауға бөлінген бюджеттік 28 млн теңгені жымқырды деп айыпталды.
Нәтижесінде Шымкент қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімнің орынбасары Тленшин Е.-ге 11 жыл бас бостандығынан айыру, әкімдік маманы Балқыбеков А. 10 жыл, мердігер Манат А.-ға 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім сотталғандардың бұрынғы әріптестерінің қатысуымен жарияланды.
Сондай-ақ бұрынғы әкімдік қызметкерлері мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Фонд-бюро расследования коррупции