Skip to main content

Шымкентте бухгалтер бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды

Submitted by Вера Александрова on

Шымкент қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты М.Әуезов атындағы №96 жалпы білім беретін мектептің бас бухгалтеріне үкім шығарды.

Қала прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, мекеме бухгалтері қызмет бабын пайдалана отырып, ай сайын жеке шотына заңсыз түрде бюджет қаражатын аударып отырған. Жалпы, ол 5,1 млн теңгені иемденіп үлгерген.

«Осы факт бойынша адам кінәсін толық мойындағанына байланысты, сот осы қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделгеннен гөрі жеңілірек жаза тағайындады. Келтірілген залал сомасы мемлекет бюджетіне толық өтелді», - делінген хабарламада.

Сот бұрынғы бухгалтерді кінәлі деп танып, оны 3 жылға бас бостандығынан айырды.

Еске сала кетейік, қаңтар айында хабарланғандай, Алматы Антикоры мен «Әділдік жолы» РҚБ Алматы филиалы бірлесіп №141 жалпы білім беретін мектепте қаржылық бұзушылықтарды анықтады. Аталған мектептің бухгалтері 2019 жылдан 2023 жылға дейін бюджет қаражатын жымқырған және мемлекетке 57 773 400 теңге көлемінде залал келтірген деп күдіктелуде.

Ақпан айында белгілі болғандай, Алматы облысының Антикоры «Алматы облысы Іле ауданының Білім бөлімі» ММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. 

Ол 680 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді. Тергеу оның Іле ауданының орта мектептерінде жұмыс істейді деген адамдарға жалақы есептеген деп санайды.

Қыркүйек айында Ақмола облысында бюджеттен 5,8 млн теңге жымқырғаны үшін Целиноград ауданы білім бөлімінің бухгалтері сотталды.