Жаңаөзен прокуратурасы екі мемлекеттік балабақшаның бухгалтері бюджет қаражатын ұрлағанын анықтады.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, бухгалтер өз шотына 30 млн теңге заңсыз аударған.
«Осы факті бойынша қала прокуратурасы қылмыстық іс тіркеді, бухгалтер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танылды және Жаңаөзен қалалық сотының 15.03.2024 жылғы үкімімен оған 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - делінген хабарламада.
30 млн теңге көлеміндегі залал айыпталушы тарапынан толық көлемде өтелгені хабарланады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодарда ясли-бақшаның директоры бухгалтермен сөз байласып, 63 млн теңгеге жуық ұрлық жасағаны белгілі болды. Сот оларды кінәлі деп танып, 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сонымен қатар, Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Алматы облысы Іле ауданының Білім бөлімі» ММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатқаны хабарланды.
Ол 680 млн теңгені ұрлады деген күдікке ілінді. Тергеу оның Іле ауданының орта мектептерінде нақты жұмыс істемейтін жалған қызметкерлерге жалақы есептеген деп санайды.
Фонд-бюро расследования коррупции