Ақтөбе облысында №48 жалпы білім беретін мектептің бухгалтері сотталды. Ол бюджет қаражатын заңсыз иемденді деп айыпталды.
Өңір прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бухгалтер 2019 жылдан 2024 жылға дейін мектеп қажеттіліктеріне бөлінген 230 млн теңгені иемденген.
«Иемдену схемалары белгіленген нормадан тыс жалақыны аудару, қосарланған демалыс төлемдері арқылы жүзеге асырылған», - делінген хабарламада.
Сот бухгалтерді кінәлі деп танып, 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесіп, 7 жылға материалдық жауапты лауазымдарды атқаруға тыйым салды.
Еске салайық, ақпан айында белгілі болғандай, Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Алматы облысы Іле ауданы білім бөлімі» ММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Ол 680 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінген. Тергеу оның Іле ауданының орта мектептерінде жұмыс істемейтін адамдарға жалақы есептегенін анықтады.
Қыркүйек айында Ақмола облысында Целиноград ауданы білім бөлімінің бухгалтері 5,8 млн теңгені жымқырғаны үшін сотталды.
Қазан айында Шымкентте М.Әуезов атындағы №96 жалпы білім беретін мектептің бас бухгалтеріне үкім шығарылды, ол ай сайын бюджет қаражатын заңсыз түрде жеке шотына аударып отырған. Барлығы ол 5,1 млн теңгені иемденген.
Фонд-бюро расследования коррупции