Шымкент дендросаяғы басшылығы бюджет қаражатын жымқыруға күдіктелуде.
Шымкент Антикор департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин Facebook-тегі парақшасында хабарлағандай, «А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» МКҚК директоры, кадр бөлімінің басшысы және бас бухгалтері 14,7 млн теңге жымқыруға күдіктелуде.
Күдіктілер тергеу барысында кінәсін толық мойындап, келтірілген залалды өтеген. Қала прокуратурасы қылмыстық істі сотқа жіберді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Шымкент дендросаяғының бұрын иеліктен шығарылған жер учаскелерін қайтару бойынша талап қойылғаны туралы жазған болатын.
Содан кейін Шымкент әкімдігінің шешімдерімен заңсыз иеліктен шығарылған дендросаяқтың 0,29 га жері қайтарылғаны хабарланған. Сондай-ақ, болашақта саябақтың бұрынғы жерлерінің тағы 0,6 га қайтарылатыны белгілі болды.
Фонд-бюро расследования коррупции