№2 Ақтөбе сотында облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Шағалбаев Б. мен оның орынбасары Досжанов Н. қатысты үкім шығарылды.
Антикор баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 қаңтарда лауазымды тұлғалар сөз байласып, кәсіпкерден дезинфекция, дезинсекция және дератизация қызметтерін көрсетуге лицензия беру үшін 1 млн теңге көлемінде пара алған.
Сот лауазымды тұлғаларды пара алуда, ал кәсіпкерді пара беруде кінәлі деп таныды. Оларға 20-дан 35 млн теңгеге дейін айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Сонымен қатар олар өмір бойы мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында лауазым атқару құқығынан айырылды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбе сотында екі бұрынғы балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің (БЖСМ) басшыларына қатысты қылмыстық іс қаралып, олар спорт нысанын заңсыз жалға беруден түскен қаражатты иемденуде кінәлі деп танылды.
Фонд-бюро расследования коррупции