Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотында облыстық мамандандырылған «Жастар» футбол бойынша олимпиадалық резервтің балалар-жасөспірімдер мектебінің басшысы Балғабай Нұрлановқа үкім шығарылды.
Антикор баспасөз қызметінің мәліметінше, ол оқу-жаттығу жиындарын жалған өткізу арқылы 3 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Нұрланов 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасына және мемлекеттік қызметте, сот органдарында және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында лауазымдарды өмір бойына атқаруға тыйым салына отырып сотталды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбе сотында балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің (БЖСМ) екі бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс қаралып, олар спорт нысанын заңсыз жалға беруден түскен қаражатты иемденгені үшін кінәлі деп танылды.
Фонд-бюро расследования коррупции