Директорлар кеңесі «ҚМГ» ҰК» АҚ (ҚМГ) 2024 жылғы таза пайдадан 300 млрд теңге дивиденд төлеуге бағыттауды ұсынды.
Қазақстан қор биржасы (KASE) сайтында көрсетілгендей, тиісті шешімді 29 мамырда өтетін акционерлердің жылдық жалпы жиналысының (АЖЖ) бекітуіне енгізу ұсынылды.
ҚМГ-ның өткен жылғы жалпы таза пайдасы 1 трлн 94 млрд теңге құрады. Оның 794 млрд теңгесі инвестициялар мен дамуға қалдырылып, қалған 300 млрд теңге акционерлерге дивиденд төлеуге жұмсалмақ.
Құжатқа сәйкес, 2024 жылғы дивидендтер бір жай акцияға 491,71 теңге құрайды. Мақұлданған жағдайда, акционерлерге төлемдер 24 маусымнан басталады.
ORDA мәліметінше, ағымдағы жылдың 1 сәуіріне ҚМГ акциялары келесідей бөлінген:
- 67,82 % — «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры;
- 20 % — ҚР Қаржы министрлігі;
- 9,58 % — ҚР Ұлттық банкі.
Осылайша, дивидендтердің барлық дерлік сомасы (шамамен 98 %) мемлекеттік құрылымдарға түседі.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Бәйтерек» ҰБХ жалғыз акционері – қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің шешімі бойынша 2024 жыл үшін мемлекетке 61,2 млрд теңге дивиденд төлеген еді, бұл компанияның есепті кезеңдегі таза кірісінің 15% құрайды. Бір акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері 96,5 теңге болды.
Фонд-бюро расследования коррупции