Skip to main content

Жамбыл облысындағы аудиттен кейін «Қазсушар» филиалының директоры жұмыстан босатылды

Submitted by Вера Александрова on

Жамбыл облысы бойынша РМК «Казводхоз» филиалының директоры және Аса өндірістік учаскесінің басшысы ішкі аудит қорытындысы бойынша лауазымдарынан босатылды.  

Су ресурстары және ирригация министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, филиал директорының орынбасары және Қордай, Байзақ және Меркі өндірістік учаскелерінің басшылары қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Анықталған құқық бұзушылықтарды одан әрі зерделеу үшін аудит материалдары Бас прокуратураға берілді. Ведомство тексерулер басқа өңірлерде де жүргізілетінін атап өтті.

Жамбыл облысында су ресурстарын заңсыз пайдаланудың 10-ға жуық фактісі анықталды. Сонымен қатар, аудиторлар аграрийлермен суару суын беруге арналған шарттарды жасасу кезінде бұзушылықтарды анықтады.

Өз кезегінде су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов министрлік жанынан «Казводхоз» филиалдары мен бассейндік инспекцияларды тексеретін арнайы комиссия құрылатынына уәде берді. 

«Заңсыз әрекеттер міндетті түрде жолын кесіледі, ал құқық бұзушылар мен лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылады. Біз су ресурстарын пайдалануды бақылауды күшейтеміз»,– деп сендірді министр.

Еске сала кетейік, жыл басында ФБРК редакциясы су ресурстары және ирригация министрлігі «Казводхоз» және «Нұра топтық су құбыры» мемлекеттік кәсіпорындарының қызметін тексеруді жүргізуді көздеп отырғанын жазған болатын. Редакцияның қарамағында «Нұра топтық су құбырының» аудиті мемлекеттік сатып алулардағы бұзушылықтарды анықтағаны туралы мәліметтер болды. 

Бізге белгілі болғандай, тексеру кәсіпорынның бас директоры Гамзат Сағандыков аяқталмаған құрылыс объектісін қабылдағанын көрсетті. Мемлекетке келтірілген залал 40,5 млн теңгеден асты.

Одан сәл бұрын Жоғары аудиторлық палатаның экс-төрағасы Наталья Годунова 2017 жылдан бастап Еуропа қайта құру және даму банкі, сондай-ақ Ислам даму банкі «Казводхоздың» 61 жобасын $317 млн сомасына қаржыландыратынын мәлімдеген болатын. Алайда, оның айтуынша, сумен жабдықтау саласындағы жобаларға тартылған қарыздар тиімсіз жүзеге асырылуда.