Павлодар қаласының әкімдігі «Жастар» шағын ауданының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын (ЕЖЖ) заңнама нормаларына қайшы қабылдады. Құрылыстың жалпы ауданы 186 гектарды құрады.
Павлодар облысы прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жергілікті атқарушы орган өнеркәсіптік зауыттардан шектеулі қашықтықтарды ескермей көппәтерлі тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды салмақ болған. Нәтижесінде, ведомствоның қадағалау актісі бойынша заңсыз ЕЖЖ күші жойылды.
«Қолайсыз факторлардың әсерін болдырмау мақсатында өндірістік, коммуналдық және қойма объектілерін жақын маңдағы тұрғын-азаматтық мақсаттағы ғимараттардан бөлетін санитарлық-қорғаныш аймағы бұзылар еді», - деп түсіндірді ведомствода.
Осыдан аз уақыт бұрын облыс прокуратурасы Ертіс маңында «Жайлы мектеп» салу туралы шешімді жойды. Мекеменің болжамды аумағы қорғалатын су аймағында орналасқан, бұл оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін еді.
Еске сала кетейік, бұған дейін экономикалық сот Қарағандыдағы қажетті рұқсаттар мен лицензияларсыз салынған «Нұра» тұрғын үй кешенін бөлшектеу туралы шешім қабылдады. Құрылыс МСБҚИ (мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау инспекциясын) хабардар етпей, бекітілген жобалық құжаттамасыз, жоба сараптамасы мен техникалық қадағалаусыз басталған болатын.
Фонд-бюро расследования коррупции