Заңсыз құрылысқа қарсы күрес аясында Алматы қаласында Мұратбаев көшесі, 63 мекенжайында орналасқан Parasat бизнес-орталығының үшінші қабаты мен мансардасы бөлшектелуде. Бұл туралы қалалық әкімдік хабарлады.

Қала құрылысын бақылау басқармасы жоспардан тыс тексеру жүргізгеннен кейін орталықтың меншік иесі – «Parasat Samex Co LTD» ЖШС-не заңсыз құрылыстарды бұзу туралы нұсқама берді.
Алайда ведомство талаптарын меншік иесі орындамады. Содан кейін басқарма сотқа тиісті талап-арыз жолдады.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты нұсқаманы мәжбүрлеп орындау туралы шешім шығарды.
Үкім заңды күшіне енді. Бөлшектеу сот орындаушыларының қатысуымен жүргізілуде.
Еске сала кетейік, жақында Алматыда Ерменсай шағын ауданында Graff ТК-ін бөлшектеу басталды. Ол заңсыз салынып жатқан деп танылып, сот шешімімен бұзуға жіберілді.
Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, ТК үш жер учаскесінде рұқсат беру құжаттарынсыз салынған.
Фонд-бюро расследования коррупции