Алматы облысында ерекше ірі мөлшерде есірткі заттарын контрабанда жасады деп күдіктелген адам сотталды.
ҚМА баспасөз қызметінің мәліметінше, Іле ауданындағы «Қазпошта» АҚ бөлімшесіне шамамен 800 грамм салмақтағы есірткі заты – каннабис сығындысы (гашиш майы) бар сәлемдеме келіп түскен.
Құқық қорғау органдары күдіктінің есірткіні Тайландтан Telegram арқылы тапсырыс бергенін анықтады.
«Сәлемдемені ашу косметикалық заттардың астына жасырылған, өзіне тән иісі бар сегіз банкадағы есірткі заттарының бар екенін растады», - делінген хабарламада.
Сот ер адамды кінәлі деп танып, оған 16 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Биылғы жылдың басынан бері ҚМА есірткінің контрабандасы және заңсыз айналымы фактілері бойынша 135 қылмыстық іс тіркегені атап өтілді.
Ведомство қызметкерлері 77,1 кг есірткі затын, 3,2 кг психотроптық затты, 206 мың дана анаболиктерді және шамамен 1 700 «Тропикамид» көз тамшысын тәркіледі.
Фонд-бюро расследования коррупции