Энергетика министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Ильясов ведомство басшылығының жеке мессенджерлеріне белгісіз тұлғалардың қол жеткізгенін хабарлады.
zakon.kz деректеріне сәйкес, ол мессенджерлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.
«Бұзылған нөмірлер арқылы түрлі зиянды сілтемелер, анық емес ақпарат, өтініштер және тағы басқалар келуі мүмкін. Осындай хабарламаларға сенбеуге және оларды елемеуге сұраймыз», – деді Ильясов.
Еске салайық, бұған дейін желіде бейне-фейк тараған, онда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе казақстандықтарға кемінде 2 млн теңге табуға мүмкіндік беретін жаңа жоба туралы айтып отырған.
Сондай-ақ, алаяқтардың казақстандықтарға үкімет мүшелерінің атынан «жалақыға дейін ақша сұрап» хабарлама жібергені белгілі болды. Кейбір азаматтарға тіпті премьер-министр Олжас Бектеновтің атынан да хабарламалар келген.
Фонд-бюро расследования коррупции