Компания Ookla, интернет жылдамдығын өлшеу қызметі Speedtest-тің иесі, Қазақстанның ұялы байланыс желілерінің функционалдық тиімділігін талдау қорытындылары туралы есеп жариялады.
Есепте еліміздегі ұялы интернет жылдамдығы 61%-ға жақсарғаны және 2023 жылдың желтоқсанында 35,07 Мбит/с құрағаны айтылған. Нәтижесінде Қазақстан Орталық Азиядағы көршілерінен озып, 95-ші орыннан 72-ші орынға көтерілді.
Елдегі ең жылдам 4G Алматыда анықталды - 32,32 Мбит/с. Сонымен қатар, Астана мен Алматыдағы интернет жылдамдығы Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан астаналарындағы көрсеткіштерден жоғары.
Өз кезегінде, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ) белгілеген мақсаттарға сәйкес, Kcell және Tele2 5G желісін енгізуді арттыруда. Speedtest Intelligence мәліметтері бойынша, қазақстандықтардың жартысы 5G қолдайтын құрылғыларға ие.
Сондай-ақ халықаралық сарапшылар «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жоғары бағалады, олардың пікірінше, бұл бағдарлама бизнес пен мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық мақсаттарға жетудегі күш-жігерін біріктіруге ықпал етеді.
Еске сала кетейік, бұрын ЦДИАӨМ басшысы Бағдат Мусин Астана интернет жылдамдығы бойынша Токиодан озды деген даулы мәлімдеме жасаған болатын.
Ал сол Speedtest Global Index рейтингінде 2023 жылдың қарашасында Астана ұялы интернет жылдамдығы бойынша 67-ші орынды, ал Токио 55-ші орынды иеленген еді. Кең жолақты интернет жылдамдығы бойынша Астана 94-ші орында болса, Токио 15-ші орында тұрған.
Фонд-бюро расследования коррупции