Мемлекеттік бюджет шығыстары 2024 жылғы 1 сәуірде 6,1 трлн теңгені құрады.
economy.kz деректері бойынша, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8%-ға артық. Функционалдық топтар бойынша жыл басынан бері ең ірі баптар келесідей бөлінді:
- Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған орта мен жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары - 220 млрд теңге жұмсалды (2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 92 млрд теңгеге артық);
- Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі - 303 млрд теңге (2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 45 млрд теңгеге артық);
- Мемлекеттік борышқа қызмет көрсету - мемлекеттік борыш бойынша пайыздарды төлеуге 723 млрд теңге бөлінді (2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 164 млн теңгеге артық);
- Әлеуметтік көмек және қамтамасыз ету - 1 471 млрд теңге (2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 192 млрд теңгеге артық).
Сонымен қатар, функционалдық топтар бойынша бюджет шығыстарының төмендеуі келесі секторларда байқалады:
- Қорғаныс – 181 млрд теңге (2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 34 млрд теңгеге кем);
- Білім - 1 249 млрд теңге (2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 126 млрд теңгеге кем).
Фонд-бюро расследования коррупции