ҚР Қаржы министрлігі бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін 870 млрд теңге тартуды жоспарлап отыр.
«Қазинформ» ХАА мәліметінше, мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастыру осы жылдың маусым айына жоспарланған:
- 4 маусым – 230 млрд теңге;
- 11 маусым – 220 млрд теңге;
- 18 маусым – 240 млрд теңге;
- 25 маусым – 180 млрд теңге.
Облигациялардың көпшілігі 1 жыл, 5 жыл және 6 жыл мерзімге (100 млрд теңгеден) орналастырылады, сондай-ақ 8 жылға (90 млрд теңге), 2 жыл, 4 жыл және 7 жылға 80 млрд теңгеден, 9 жылға – 60 млрд теңге, 10, 11 және 13 жылға – тиісінше 40, 30 және 10 млрд теңге облигациялар жоспарлануда.
«Қарыз нарығы оқиғаларынан Павлодар облысы әкімдігінің жылдық 0,35% мөлшерлемемен 1,4 млрд теңге көлеміндегі екі жылдық облигацияларын орналастыруын атап өтуге болады. ҚР қаржы министрлігіне келер болсақ, маусым айында ведомство жиынтық көлемі 870 млрд теңге (мамырда 570 млрд) болатын облигацияларды орналастыруды жоспарлап отыр», – делінген Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының хабарламасында.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты Татьяна Савельева елдің 2023 жылға арналған бюджет тапшылығы 3,1 трлн теңгені немесе ЖІӨ-ге шаққанда 2,6% құрағанын хабарлаған болатын.
Айта кетейік, біздің көршіміз Қырғызстан 2022 жылы мемлекеттік бюджет тапшылығымен ЖІӨ-нің 1% деңгейінде жабылды. Алайда 2023 жылы ЖІӨ-нің 1% мөлшерінде профицитке көшу орын алды.
Фонд-бюро расследования коррупции