Skip to main content

МАЭК қызметкері Ақтаудағы жұмыс орнында қаза тапты

Submitted by Вера Александрова on

Ақтаудағы «МАЭК» ЖШС (Маңғыстау атомдық-энергетикалық комбинаты) жұмысшы қаза тапты.

Lada.kz мәліметінше, жөндеу цехының шеберіне құбыр құлады.

«Энергокомбинатта <...> 23 желтоқсанда төтенше жағдай болды. Бейресми дереккөздің мәліметінше, өндірісте сағат 16:00 шамасында жөндеу цехының шебері қаза тапты. Өлім құбырдың құлауы салдарынан болды», - делінген хабарламада.

Облыс полициясы бұл оқиғаға түсініктеме берді.

«Еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізілуде», - деп түсіндірді өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, қыркүйек айының басында ШҚО-да мыс өндіруші «KAZ Minerals» компаниясына тиесілі Ертіс және Артемьев шахталарында 5 жұмысшы қаза тапқаны хабарланды.

18 қыркүйекте Жамбыл облысындағы тау-кен байыту кешендерінің бірінде «АК Алтыналмас» АҚ жұмысшысын тау жынысы басып қалды.

Сол кезде Ақтөбе облысындағы «Ақтөбе мыс компаниясы» тау-кен өндіру кәсіпорнының шахтасында кеннің опырылуы салдарынан ұсатқышшы қаза тапты.

Келесі күні Абай облысындағы Орлов шахтасында тау жынысы массасының құлауы салдарынан жұмысшы қаза тапқаны белгілі болды.

Қазан айының басында Қарағанды облысындағы «Саяк-3» шахтасында көміртегі тотығы газының шығарындысы болды. Екі жұмысшы қаза тапты, тағы бірнешеуі ауруханаға жеткізілді.

Қазан айының соңында Дон тау-кен байыту комбинатының – «ТНК Казхром» АҚ филиалы «Молодежная» шахтасының «Мирный» карьерінде екі жұмысшы қаза тапты.