Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) Қостанай облысында денсаулық сақтау нысандарын салу кезінде заңсыз сыйақы алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, авторлық қадағалау тобының жетекшісі қорқытып алу жолымен компанияның бас инженерінен 9 млн теңге мөлшерінде заңсыз сыйақы алған.
Ақша «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында салынып жатқан дәрігерлік амбулаториялардың орындалған жұмыстар актілері мен пайдалануға беру актілеріне кедергісіз қол қою үшін арналған.
Күдіктінің ақшаны алу кезінде қолды болғаны хабарланады. Заңсыз сыйақы мөлшері нысандар құрылысының жалпы құнының 1% құраған.
Фонд-бюро расследования коррупции