Костанай облысы бойынша ҚММ Департаменті заңсыз микроқаржылық қызмет фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті 6 жыл бойы тиісті лицензиясыз болса да, OLX және Instagram мобильді қосымшалары арқылы пайызбен несие берген.
«Құқыққа қайшы әрекеттер заңды несие мәмілелері ретінде жасырылып, онда нақты сомадан едәуір асатын сомалар көрсетілген, себебі оларға алдын ала есептелген жылдық 100% дейінгі сыйақылар қосылған. Қаражатты қайтарудың кепілі ретінде қарыз алушылардың кепілге қойылған мүлкі болды», - делінген хабарламада.
Осы схема бойынша күдікті жалпы сомасы 556 млн теңгеден асатын 72 мәміле жасаған.
Осындай мәмілелердің бірін ол Рудный қаласының зейнеткер әйелімен жасасқан, ол күдіктіден емделуге ақы төлеу үшін 13,2 млн теңге көлемінде несие алған. Мәміле шарттары бойынша жәбірленуші екі жыл бойы ай сайын 600 мың теңге төлеуі керек болған.
Алайда ол қолма-қол 6 млн теңге ғана алған. Қалған 7,2 млн теңге алдын ала есептелген пайыздар болған. Несиені төлеу үшін зейнеткер өзінің жалғыз пәтерін кепілге қоюға мәжбүр болған.
Сот санкциясымен құны 154 млн теңге болатын күдіктінің мүлкіне (6 жеке тұрғын үй және 3 автокөлік) тыйым салынды. Тергеу жалғасуда.
Фонд-бюро расследования коррупции