Skip to main content

4,7 млн жымқырған Қостанай облысындағы ауылдық әкімдіктің бухгалтері

Submitted by Вера Александрова on

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданында ауылдық округ әкімдігінің бас маманы 5 миллион теңгеге жуық қаражатты жымқырғаны үшін сотталды. 

Қостанай соттарының баспасөз қызметінің мәліметінше, сотталушы өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, 2021 жылдың қаңтарынан 2024 жылдың наурызына дейін ай сайын мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне жалақы есептеу бойынша есеп айырысу ведомостарын жасап, сомаларды көтеріп көрсеткен. 

Жалақы ретінде жеке карталық шотына негізсіз 4,7 млн теңге аударғаны хабарланды.

«Осылайша, М. өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік мекеменің ақша қаражатын иемденіп, ірі көлемде материалдық залал келтірді», - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, сотталушы кінәсін мойындап, залалды толық көлемде өтеген. Дегенмен, сот оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

«М.-ның екі кәмелетке толмаған баласы бар екенін ескере отырып, сот ҚК-нің 74-бабы 1-бөлігінің негізінде бас бостандығынан айыру түріндегі тағайындалған жазаның орындалуын 3 жылға кейінге қалдырды», - деп айтылған үкімде.

Еске салайық, бұған дейін Бейімбет Майлин ауданының соты Қостанай облысындағы ҚТЖ лауазымды тұлғаларына үкім шығарған болатын. Олар дизель отынын және теміржол кранын жөндеуге бөлінген ақша қаражатын жалпы сомасы 12 млн теңгеге жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. 

Сондай-ақ, Бейімбет Майлин ауданы Тобыл кентінде жергілікті тұрғындар «Тобыл» МКК ұсынатын жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру қызметтері үшін асыра бағаланған тариф бойынша төлеуге мәжбүр болғаны хабарланған еді.