Павлодарда «ХАС» қаржы пирамидасының басшылығына үкім шығарылды.
Жергілікті прокуратура баспасөз қызметінің мәліметінше, 2022 жылдан 2023 жылға дейін схеманың бас ұйымдастырушысы жоғары кірісті салымдар деген желеумен ақша тартумен айналысқан қылмыстық топ құрып, оны басқарған.
Салымшыларға пайданың 70% - ына дейін сыйақы уәде етілген. Нәтижесінде Астана, Алматы, Павлодар, Екібастұз және басқа да елді мекендердегі 376 азамат алаяқтарға 2 млрд теңгеден астам ақша берген.
Сот қаржы пирамидасының негізін қалаушыны кінәлі деп танып, оған 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Топтың қалған мүшелері де әртүрлі мерзімдер мен жаза түрлерін алды.
Еске сала кетейік, 2023 жылғы сәуірде Павлодар облысында сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын компания ретінде таныстырылған «HAS Holding» қаржы пирамидасын ұйымдастырған топ адамдардың ұсталғаны хабарланған болатын.
Салымшылармен келісімшарттар «Upgrade-AS», «Holding AS», «ХАС-Логистик», «light-AS» ЖШС және басқа да компаниялардың атынан қол қойылған.
Фонд-бюро расследования коррупции