Қазақстандық ақылы кабельдік және спутниктік телевидение операторы AlmaTV интернет-таратылымы көп деңгейлі кибершабуылдарға ұшырады.
9 мамырда Мәскеудегі Жеңіс шеруінің тікелей эфирі кезінде телеарнада ресейге қарсы роликтер көрсетілді, деп хабарлайды БАҚ.
Әлеуметтік желілерде эфирде соғыс қимылдарының үрейлі кадрлары, сондай-ақ Ресей президенті Владимир Путин бар бейнежазба көрсетілгені туралы ақпарат тарады.
AlmaTV мамандары оқиғаға жедел ден қойып, қызметтің жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру үшін қажетті шараларды қабылдағаны хабарланады.
Қазіргі уақытта қызмет толығымен қалпына келтіріліп, қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғаны атап өтіледі. Компания уақытша қолайсыздықтар үшін клиенттерінен кешірім сұрады.
_____________
Анықтама үшін: бүгінгі таңда «Алма Телекоммуникейшнс Казахстан» АҚ (ALTV) акционерлері «At Acquisition Corp» ЖШС (93,84%) және «Qazaq Banki» АҚ (6,16%) болып табылады.
Бұрын ALTV-дің иесі қазақстандық кәсіпкер Дінмұхамет Идрісов болған, ал одан да бұрын телекоммуникациялық операторды экс-президенттің қызы Дариға Назарбаева бақылаған.
Фонд-бюро расследования коррупции