«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ филиалдарынан жүйелі бұзушылықтар анықталды, бұл тұтынушыларға негізсіз 1,2 млрд теңге есептелуіне әкелді.
«Тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ филиалдарының әрекеттерінен реттелетін қызметке жатпайтын қосымша талаптарды белгілеу бойынша бірқатар бұзушылықтар анықталды, бұл тұтынушылардан газды қосу, пломбалау және алғашқы іске қосу қызметтері үшін ақы алудан көрініс тапты», - деп хабарлады Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметі.
Нәтижесінде «ҚазТрансГаз Аймақ» филиалдарына қатысты жалпы сомасы 79 536 471 теңге көлемінде әкімшілік істер қозғалды.
«Монополист субъектінің филиалдарына негізсіз есептелген сомаларды тұтынушыларға қайтару және газды қосу, пломбалау және алғашқы іске қосу қызметтері үшін ақы алу тәжірибесін тоқтату арқылы заңнама бұзушылықтарын жою туралы нұсқамалар енгізілді», - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұрын «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның алматылық филиалы әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. Үстемдік және монополиялық жағдайды теріс пайдаланғаны үшін кәсіпорынға 497,1 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды.
Фонд-бюро расследования коррупции