Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) блогерлерге салықтарды есептеу кезінде техникалық ақау болғанын мойындады.
Ведомствоға сілтеме жасаған Bes.media хәбәр еткендей, 19 ақпанда МКК жалпы сомасы 9,8 млрд теңге болатын 93 блогерге жіберілген 169 хабарламаны кері қайтарды. Бұған дейін ведомство 594 блогерге 1 014 хабарлама жіберген еді.
Комитетте хабарламаларды жіберу және өңдеу кезіндегі техникалық ақаулар кері қайтаруға себеп болғанын түсіндірді.
«Қазіргі уақытта жойылған техникалық қателерді ескере отырып, кері қайтарылған хабарламаларды қайта жіберу бойынша жұмыс жүргізілді», – делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін МКК қызметкерлері анықтағандай, 600-ге жуық қазақстандық блогер өз кірістерін төмендетіп, 53,3 млрд теңге сомасынан мемлекетке салық төлемеген.
Фонд-бюро расследования коррупции