24 маусымда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) акционерлеріне 2023 жылғы дивидендтер төлеу басталды.
Ratel.kz деректері бойынша, бір жай акцияға дивиденд мөлшері 491,71 теңге құрайды. Айналымда АҚ-ның 610 119 493 жай акциясы бар екені хабарланады. Төлемнің жалпы сомасы 300 млрд теңгеден асады. Бұл сомадан:
- 202,26 млрд теңге – акциялардың 67,42%-ына ие «Самұрық-Қазына» Қорына;
- 60 млрд теңге – ҚР қаржы министрлігіне (20%);
- 28,74 млрд теңге – ҚР Ұлттық банкіне (9,58%);
- 9 млрд теңге – миноритарлық акционерлерге (3%).
Еске сала кетейік, бұған дейін ресейлік «Лукойл» компаниясы ҚМГ-ға «Kalamkas-Khazar Operating» ЖШС-дегі 50% үлесін сатып алу үшін $200 млн төледі. Серіктестік Каспий теңізіндегі «Әуезов», «Қаламқас-теңіз» және «Хазар» учаскелерінде көмірсутектерді өндірумен айналысады.
Фонд-бюро расследования коррупции