Skip to main content

«Қазақтелекомға» ескертуді АЗРК берді

Submitted by Вера Александрова on

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) «Қазақтелеком» АҚ-қа компанияның үй интернетіне және басқа да тарифтерді көтеру туралы мәлімдемесінен кейін ескерту жолдады. 

Ведомствоның баспасөз қызметінің дерегінше, 20 мамырда «Қазақтелеком» 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап тарифтердің көтерілетіні туралы ақпарат жариялаған. 

Атап айтқанда, үй интернеті қызметтерін, сондай-ақ ұялы байланыспен бірге пакеттік қызметтерді қамтитын 51 мұрағаттық тарифтік жоспардың өзгеретіні хабарланған.

«БҚДА, Кәсіпкерлік кодекстің 198-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзудың алдын алу мақсатында 2024 жылғы 24 мамырда «Қазақтелеком» АҚ-на заңнаманы бұзуға әкеп соғуы мүмкін әрекеттерге жол бермеу туралы ескерту жолдады», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін БҚДА төрағасы Марат Омаров Агенттік ҚР-ның үш ұялы байланыс операторын олардың тарифтерінің бағасын көтеруге қатысты сөз байласуда күдіктенетінін айтқан. Ол қазіргі уақытта оларға қатысты тексеру аяқталып, қорытынды шығарылып жатқанын және белгілі бір сот процестері басталғанын атап өтті.