Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне Altel, Tele2 және Beeline ұялы операторларының тариф саясатын тексеруді талап етіп, жүгінді.
«Қазінформ» ХАА деректері бойынша, олардың абоненттік төлемақыны 20%-ға көтеру туралы бір мезгілде қабылдаған шешімі себеп болды.
«Бұл интернет тарифтерінің де 20%-ға өсетінін білдіреді. Үш ірі оператордың бір мезгілде және бірдей тарифтерді көтеруі қоғамда үлкен күмән тудырады. Бұл өзара келісу немесе сговор белгісі емес пе?» — деді Әшімжанов.
Депутат ұялы байланыс нарығында монополиялық келісімдер жасау және үстемдік жағдайын теріс пайдалану фактілеріне кешенді тексеру жүргізу қажеттігін атап өтті.
«Бұл компаниялардың ұялы байланыс және интернет нарығында заңсыз ерекше құқығы бар. Осы ерекше құқықты жою үшін нарыққа басқа қатысушыларды енгізу, яғни бәсекелестікті күшейту қажет», — деп қосты ол.
Еске салайық, былтырғы мамырда БҚжДА төрағасы Марат Омаров ведомство ҚР-дағы үш ұялы байланыс операторын (Kcell, Tele2/Altel, Beeline) тарифтерді көтеру бойынша сговортқа күдіктенетінін айтқан болатын. Сонда ол оларға қатысты тексеру аяқталып, қорытынды шығарылып жатқанын және белгілі бір сот процестері басталғанын атап өтті.
Кейінірек БҚжДА «Қазақтелеком» АҚ компаниясының тарифтердің, оның ішінде үй интернетінің қымбаттауы туралы мәлімдемесінен кейін оның мекенжайына ескерту жолдады. Қазан айында БҚжДА байланыс операторларына қатысты тергеуді соттар аяқталғанша тоқтатты.
Ағымдағы жылдың қаңтарында БҚжДА 2025 жылдың ақпанынан бастап сымды интернет тарифтерінің көтерілуіне байланысты Beeline («КаР-Тел» ЖШС) ұялы операторына қатысты тексеру бастады. Ведомство баға өсімінің негізділігін талдау үшін оператордан құжаттама сұратты.
Фонд-бюро расследования коррупции